Қарағандыда үш жастағы балаға кірпіш құлаған (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
558

Қарағанды облысында үш жасар баланың үстіне шатырдан кірпіш құлады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұқар-Жырау ауданының Ульяновка кентінде болған оқиға туралы баланың анасы айтып берді. Оның сөзінше, үш жасар ұлының басына Мәдениет үйінің шатырынан қаптама кірпіш құлаған.

«Қазіргі уақытта біз ауруханада жатырмыз, балаға шұғыл түрде операция жасалып жатыр. Құзырлы органдардан дереу тексеру жүргізіп, ғимараттың жағдайына жауапты адамдарды анықтауды сұраймын, мұндай жағдайлар енді қайталанбас үшін», – деп жазады анасы.

Бұқар-Жырау ауданының әкімдігінде:
«Әлеуметтік желілерде таралған, Бұқар-Жырау ауданында орын алған мәдениет ғимараты қасбетінің қаптама материалының бір бөлігі үш жасар баланың үстіне құлағаны туралы бейнематериал фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің “Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Полиция департаменті.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желіде өмірден мезгілсіз өткен ұлына туралы жазба жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында көшелердің бірінде автокөлік өртенді. Қызмет орнына бара жатқан СОБР қызметкерлері...