Сыйымдылығы 10 тонна көлік: Түркістан облысында жанар-жағармай бекетінде ірі өрт шықты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
535

Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында 14 тамыз күні кешкі уақытта жанармай құю бекетінде ірі өрт болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиғаға қатысты толық ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, жанар-жағармай материалдарын төгу кезінде сыйымдылығы 10 тонна болатын жанармай таситын көлік өртенген. Жалын ғимараттың қаптамасына тарап, 70 шаршы метр аумақты шарпыған. Оған қоса жанар-жағармай сақталған, әрқайсысының сыйымдылығы 25 тонна болатын төрт резервуар орналасқан аумаққа да тараған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары барды. Құтқарушылар өртті жедел сөндіріп, оның одан әрі таралуына жол бермеді.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір тұтану себептері анықталып жатыр. 

Шоу-бизнес

Әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет 30 жасқа толған туған күнін Мальдив аралдарында атап өтті,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...