Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сесс...
Балалар алаңындағы жанжал төбелеске ұласты
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
96
Түркістандағы сауда орталығының балалар ойын алаңында екі әйел төбелесіп қалды. Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға 7 қарашада Turan Mall сауда орталығындағы “Балу” ойын алаңында болған. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбада екі әйелдің әуелі сөйлесіп тұрып, кейін бір-біріне қол жұмсағаны көрінеді.
Алдын ала мәліметке сүйенсек, әйелдердің бірі өзгенің баласын қағып кеткен. Баланың анасы мән-жайды білу үшін оған жақындағанымен, екеуі сөзге келіп қалған. Ақыры жанжал төбелеске ұласқан.
Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция басқармасына жеткізді. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.