Қостанай облысында жоғалған балықшы көл жағасында ұйықтап жатқан жерінен табылды, деп хабарлайды mad...
SCAT ұшағы Алматының орнына Астанаға қонды
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT әуе компаниясының ұшағы борттық жүйедегі ескерту индикаторы іске қосылғаннан кейін Астанаға қонды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жолаушылардың айтуынша, ұшақтан түскен соң олар бірнеше сағат бойы сусыз, тамақсыз күткен. Осы уақыт ішінде алдағы сапарға қатысты ақпарат ала алмағандарын да жеткізді. Бұған қоса, кей жолаушылар бортсеріктердің дөрекі жауап бергеніне шағымданған.
Әуе компаниясы экипаждың Астанаға қону туралы шешім қабылдағанын растап, қонудың штаттық режимде өткенін мәлімдеді.
“Экипаж Астанадағы базалық әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Қону штаттық режимде өтті. Жолаушыларды Алматыға жеткізу үшін резервтік ұшақ ұйымдастырылды. Оны күткен уақытта жолаушыларға салқын сусындар берілді”, – деп хабарлады SCAT өкілдері.