Оның банк картасынан 1000 мыңнан көп рет жалпы сомасы 13 млн теңгеге жуық аударым жасалған. Қ...
“Қону әрекеттері сәтсіз аяқталды”. Ұшақ апатынан аман қалған бортсерік оқиғаның қалай басталғанын айтып берді
Фото: media.az
1376
Azerbaijan Airlines компаниясының Ақтауда апат болған ұшақтың аман қалған екінші бортсерігі апат кезіндегі жантүршігерлік жайттармен бөлісті, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Media.az мәліметінше, ұшақ апатынан тірі қалған бортсерік Зұлфұғар Әсадов ұшақ апатының егжей-тегжейін айтып берді.
Оның айтуынша, ұшақтағы штаттан тыс жағдай апаттық қонуға дейін де басталған екен.
«Біз таңғы сағат 8-де Грозныйға ұштық. Қонуға жақындаған кезде әуежайды өте қалың тұман басқанын көрдік. Капитан ұшақты төмендетуге кірісті, бірақ нашар көріну салдарынан екінші айналымға ұшуға мәжбүр болды, тұманның сейілуін күтті. Дегенмен, екінші де, үшінші де қону әрекеттері сәтсіз аяқталды», – деді Әсадов.
Ақырында, оның айтуынша, ұшқыш жақын маңдағы әуежайға бағыт алуды ұйғарды, дегенмен қонар алдында ұшақ сыртынан дыбыстар естілген.
«Бірақ сол сәтте ұшақтың сыртынан біртүрлі дыбыс естілді. Мен әріптесім Айданмен бірге дереу салонға шықтым. Біз жолаушылар арасында дүрбелең басталғанын көрдік. Барынша жолаушыларды тыныштандыруға тырыстық», – деп толықтырды бортсерік.