Рульде отырған жүргізушінің жүрегі тоқтап қалып, Алматыда бес көлік соқтығысты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
456

Алматыда бүгін күндіз Әл-Фараби даңғылында бес көліктің соқтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желілерде жаппай апат болған жерден видео жарияланды. Кадрлардан асфальт үстінде қара түсті үлкен полиэтилен пакетке оралған адам денесі, жол-көлік оқиғасына ұшыраған жеңіл автокөліктер мен автобус көрінеді.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 11:30-да Бостандық ауданында болғанын мәлімдеді.

«1975 жылы туған BYD маркалы автокөлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта қозғалып келе жатып, денсаулығының күрт нашарлауына байланысты өзімен бір бағытта келе жатқан бес көлікпен соқтығысқан. Олар – Chevrolet, Ford, Subaru, Volkswagen маркалы автокөліктер және Yutong автобусы. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзін жайсыз сезінген, болжамды диагноз – жүрек жеткіліксіздігі. Өлім фактісі тіркелді», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Оқиғаның өзге мән-жайлары анықталып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал продюсер Жан Мұқанов сегізінші рет әке атанды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Өнер иесі қуа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Әділ Сламхан ауруханада жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Өнер иесіне ота жасалған...