Қоқыстан денесі тілінген нәрестенің мәйіті табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2597

Өзбекстанда қоқыстан денесінде жарақаттары бар жаңа туған сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Нәрестенің мәйіті Самарқанд қаласындағы көпқабатты үйлердің жанында орналасқан қоқыс жәшігінен табылды. Нәрестені қоқыс тазалаушы әйел тапқан.

«Таңертең 7:30-да жұмысқа келдім. Қоқыстарды сұрыптап салып жатқан кезде нәрестенің денесін көрдім. Дәретхана қағазына оралған. Үстінде киімі жоқ. Басы мен аяғы тілінген. Сәби қайтыс болған екен. Мен дереу бастығыма айттым. Ол полиция шақырды», - дейді әйел.

Дәрігерлер шетінеп кеткен сәбидің небәрі 22 апталық екенін, дамуы қалыпты, ал салмағы 500 грамм шамасында екенін айтты. Алайда, мамандар сәбидің кіндігі кесілмегенін байқаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылы 25 қазанда Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту бойынша ауқымды экологиялық...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен...