«Ұят емес»: Дина Төлепберген кәсіби акробатиканы меңгерген қазақ қызын жақтады

Фото: видкодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2096

Танымал журналист Дина Төлепберген ұлттық киіммен пилонда би билеген қыздың желіде қызу талқыға түскені жайлы айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Журналистің сөзінше, ұлттық киім киіп, ерекше би билеген пилондық спорттан ҚР чемпионы Бақыт Қадырованы қоғам қабылдай алмаған. Пилондық жаттығулар ресми спорт түріне жатса да, бойжеткенді сынап, дәстүрге құрметсіздік көрсетті деп айыптап жатқандар да бар.

«Менің позициям: Ұлттық киіммен пилонға шығу – ұят емес. Өйткені пилон – спорт. Қазақ қыздарының кәсіби акробатиканы меңгеріп қана қоймай, халықаралық міңберде жеңіп жатқанына мақтануымыз керек емес пе?», — деді Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...