Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Щучинск қаласындағы кафеде болған жарылыстан тоғыз а...
Қонақ үй өртеніп, 10 адам қаза тапты
Сурет ашық дереккөзден алынды
2741
Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортында 7 қабатты қонақ үй өртеніп, 10 адам қайтыс болды, деп хабарлады madeniportal.kz.
Өрт кезінде жоғары қабаттан секірген, түтінге тұншыққан 32 адам ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті уақытпен түнгі сағат 03:00 шамасында қонақ үйдің бірінші қабатындағы мейрамханада басталған өрт аз уақытта жоғары қабаттарға жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша қонақ үйде 300-дей адам болған.