Астанада Сарайшық көшесіндегі көпірде көліктер жаппай соқтығысты. Нәтижесінде екі адам оқиға орнында...
Қостанай облысында баспанасы өртенген тұрғындарға арналған үйлердің құрылысы аяқталуға жақын
3104
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалғанын хабарлады.

«Әулиекөл ауданында рекордтық қысқа мерзімде тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Жақын арада тұрғындарды қоныстандыру басталады. Көріп отырғандарыңыздай, фотосуреттерде бір айдағы үлкен өзгерістерді байқауға болады», – деп жазды Архимед Мұхамбетов.
Сондай-ақ, А.Мұхамбетов дайын үйлердің ңшкң көрінісінен бейнебаян жариялады.
Бұған дейін орман өртінен зардап шеккен Әулиекөл ауданы тұрғындарының үйлерін салуға бірнеше ондаған мердігер ұйымдар кіріскен болатын.
Құрылыс жұмыстары тәулік бойы, қарқынды түрде жүргізілді.