Қостанай облысында оннан астам шетел азаматы жол апатына ұшырады

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2034

Қостанай облысында полиция мен құтқарушылар жол апатына түскен шетелдік азаматтарға жедел көмек көрсетті. Апат 2 наурыз күні таңертең Рудный – Қашар – Федоровка тасжолында болды, деп хабарлайды madeniportal.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнында Hyundai жеңіл автокөлігі мен минивэн жолдан шығып, кюветке аударылған.

«Көліктердің ішінде 11 шетелдік азамат, оның ішінде бір бала болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға туралы ақпарат түскен бойда полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері жедел түрде жетті. Көліктер кюветтен шығарылып, жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді», – деп мәлімдеді полиция өкілдері. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында аңшылық кезінде қайғылы жағдай болып, 64 жастағы ер адам оқ тиіп қаза тапты. Оқиғағ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада кішкентай марғауға қатыгездік көрсетілген сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқы...