Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылған азаматтардың несие төлемдерін жеңілдету тетігін толық автома...
Павлодар облысында сегіз адам тұратын үй өртеніп кетті (ВИДЕО)
Видеодан алынған скрин
Павлодар облысының Мичурино ауылында сегіз адам тұратын жеке тұрғын үйден өрт шықты. Абырой болғанда, оқиға кезінде үйде ешкім болмаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Pockets.kz мәліметінше, өртенген үйде сегіз адамнан тұратын отбасы өмір сүрген.
Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт туралы ақпарат 21 қазанда түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар тұрғын үйдің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтап, бірден өрт сөндіруге кіріскен.
Тілсіз жау үй шатырының ағаш құрылымдарын шарпып, олардың бір бөлігі опырылып түскен. Сондай-ақ үй ішіндегі жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенген.
Құтқарушылар өртті жедел сөндіріп, жалынның көрші нысандарға таралуына жол бермеген.
Оқиға кезінде үй иелері жұмыста болған. Үйдің ішінде ешкім болмағандықтан, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға электр сымдарының жағдайын қадағалап, жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті. Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.
Смотреть в Threads