Қостанай облысында саяжай бақшасына сұмдық әрекетке барған ер адам елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1571

Қостанай облысында полицейлер саяжай бақшасына қарасора өсірген тұрғынды әшкереледі, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Тобыл тұрғынының үйінен және жұмыс орнынан марихуана салынған 20-дан астам полиэтилен пакет пен орам тәркіленген. Сондай-ақ, оның саяжай ауласында қарасора өсірілгені анықталды. Өсімдіктердің саны — 18 түп, барлығы мұқият күтіп-бапталған.

Қостанай облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармалары бірлесіп жүргізген тінту шарасы нәтижесінде күдіктінің жұмыс орнынан да, тұрғын үйінен де заңсыз заттар табылды. Сараптама қорытындысы тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 3,4 келі екенін көрсетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...