Қостанай облысында трактор пойызбен соқтығысты

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1788

Қостанай облысында трактор пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

27 сәуір күні таңғы сағат 08:55 шамасында Қостанай облысындағы Есіл – Арқалық учаскесіндегі реттелетін теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды. ҚТЖ мәліметінше, трактор жүргізушісі жұмыс істеп тұрған жылжымалы дабылға қарамастан, қозғалып келе жатқан пойыздың алдына шығып кеткен. Машинист шұғыл тежегіш басқанымен, соқтығыстың алдын алу мүмкін болмады. Салдарынан трактор жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. 

ҚТЖ көлік жүргізушілеріне теміржол өткелдерінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және дабыл сигналдарына мұқият болуды ескертеді. Ережені елемеу қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін екені атап өтілді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...