Жарығы мен интернеті жоқ ауылдарға да «Сергек» қойылады

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1962

Қазақстанда электр энергиясы мен интернет жоқ жерлерде "Сергек" орнату мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин хабарлады. 

Бұған дейін Sergek Group компаниясы күн модулінің көмегімен бақылау камералары қалалық электр энергиясына қосылусыз жұмыс істей алатынын жариялаған болатын. Күн панелі күн сәулесін электр энергиясына айналдырады. Бұл құрылғы пилоттық жоба аясында Жетісу облысының Жайпақ ауылында орнатылды. 

Журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Қаныш Төлеушин бұл технологияны Қазақстанның әр өңірінде қолдануға болатынын айтты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...