Грекияда жұмыс іздеп барған қазақстандық 125 жылға сотталды

aktobetimes.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
154

Ақтөбе тұрғыны Нұрхан Қадырова Грекияда 125 жылға бас бостандығынан айырылған ұлының ісіне араласуға көмектесуді сұрап, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жүгінді, дер хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы ол «Ақтөбе Таймс»басылымына берген сұхбатында айтты.

Көпбалалы анасының айтуынша, 2002 жылы туған ұлы Рашид Талғатұлы Қадыров осыдан екі жыл бұрын ешкімге ескертпестен үйден кетіп қалған.

«Мен алты баланың анасымын, "Күміс алқа" иегерімін. Рашид – ортаншы ұлым. Ол заттарын жинап, ешкімге ештеңе айтпай кетіп қалды. Кейін оның Түркияға жұмысқа ұшып кеткенін естідім. Бұл мен үшін үлкен соққы болды. Әдетте балалар жолға шығар алдында міндетті түрде ақ батасын алады. Ал ол үн-түнсіз жоғалып кетті. Ұзақ уақыт бойы одан ешқандай хабар болмады», – дейді әйел.

Кейін белгісіз нөмірден ұлы өзі хабарласып: «Анашым, мен түрмедемін. Мен Грекиядамын», – деген. Оның айтуынша, Instagram желісінен жұмыс туралы хабарландыру көріп, ұсынысқа келіскен. Ұшақ билетін ұйымдастырушылар төлеп, туристерді моторлы қайықпен серуендететін жұмыс ұсынамыз деп уәде берген. Алайда кейін оның заңсыз мигранттарды тасымалдау екенін білген. Рашид өзі қандай іске араласып кеткенін түсінбегенін айтқан.

Нұрхан Қадырованың сөзінше, тергеу кезінде ұлы өте қиын жағдайда болған.

«Ол шетел тілін білмейді, жанында аудармашы болмаған. Айтуынша, құжаттарға қол қоймаса, жаза мерзімі бұдан да ұзаратынын айтқан. Соның нәтижесінде оған 125 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, шамамен 1 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынған. Ол әлі жас, тек ақша табуды ойлаған еді, бірақ осындай қиын жағдайға тап болды», – дейді ақтөбелік тұрғын.

Анасының пікірінше, ұлы Грекияға заңсыз мигранттарды тасымалдауды ұйымдастырғандардың қатарында болмаған.

«Қайықтар мүлде басқа адамдарға тиесілі болған. Оның барлық әрекетін үйлестіріп отырған жетекшісі болған. Рашид ештеңені ұйымдастырмаған да, бақыламаған да. Меніңше, ол – алданған және пайдаланылған адам», – дейді әйел.

Ақтөбелік тұрғын бұл мәселе бойынша дипломатиялық мекемелерге бірнеше рет жүгінгенімен, әзірге еш нәтиже болмағанын айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ әскері 30 шілдеге қараған түні Иранның Кешм аралындағы тұрғын үйге соққы жасау үшін ең қуатты яд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды. Полиция әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты раст...