Қостанайда Telegram арқылы сұмдық әрекетке барғандар елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1561

Қостанайда Telegram арқылы есірткі сатқандар 8 жылға сотталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында бір топ адамның Telegram мессенджерінде «Thс Seller» атты наркошоп ашқаны анықталды. Осы ресурс арқылы 2 мыңнан астам клиент есірткі сатып алып, жалпы айналым 100 млн теңгеден асқан.

Есірткі саудасынан түскен табысты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлердің атына рәсімделген банктік карталар пайдаланылған.

Тінту кезінде жалпы салмағы 30 келіден асатын марихуана мен гашиш тәркіленді.

Сот үкімімен кінәлілер 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған екі автокөлік мемлекет меншігіне тәркіленді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...