Қостанайда үй мысығы тістеп алған әйел құтырмадан көз жұмды

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1699

Қостанай облысы Қамысты ауданының тұрғыны үй мысығы тістеп алған соң құтырма ауруынан көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ "Наша газета" басылымына сілтеме жасап. 

Науқас әйел Лисаков қалалық ауруханасына құтырма ауруының клиникалық белгілерімен жеткізілген. Өкінішке қарай, пациентті аман алып қалу мүмкін болмаған.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Баймұхаметовтің айтуынша, эпидемиологиялық тергеу барысында зардап шегушіні үй мысығы тістеп алғаны анықталған. Арада көп уақыт өтпей әлгі жануар із-түссіз жоғалып кеткен. Ал зардап шеккен әйел медициналық көмекке дер кезінде жүгінбеген және алдын алу мақсатында егілетін екпелерді алмаған.

Дәрігерлерге арада уақыт өткізіп алып, аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде бір-ақ қаралған.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...