2024 жылғы 4 наурызда жаңартылған Petrelli Previtera мәліметі бойынша, Қазақстан ажырасу көрсеткіші...
Тегін пәтер болмауы тиіс: Көпбалалы отбасыға тегін үй берілсін деген ұсыныс неліктен журналистің шамына тиді
“Тегін пәтер болмауы тиіс. Ешқандай жағдайда. Бәріне берілу керек немесе ешкімге берілмесін. Егер менің көпбалалы ата-ана болып-ақ үйге қол жеткізуіме болатын болса, не себепті мен жұмыс істеп, қарыз алып, несие жауып, пәтер алуым үшін тер төгуім керек. Біздің қандай жағдайда өмір сүріп жатқанымызды анықтап алайықшы. Әлеуметтік пе, капиталистік пе? Егер әлеуметтік болса, онда жеке құқық деген жоқ. Пәтерлер қарызға берілді. Оны кез келген уақытта тартып алуға болатын еді. Жұмыс бәрінде болды, бірақ бәрі бай емес еді. Бизнес заң бойынша тексеріліп тұрды. Дүкенде тауар көп болған жоқ. Жақсы джинсы шалбар инженердің екі айлық жалақысының құнына тең болды. Елдің бәрі жабық шекараны, бірдей киімді үмытып кетті”, – дейді журналист парақшасында.
“Еуропамен қоса алғанда бардық елде кедейлік бар. Адамдар корапта өмір сүріп жатыр. Кедей аудандарда қылмыс көп. Полиция ол жаққа бармайды да. Жәрдемақы бар, бірақ олар басқаша ойлайды. Оларға салық төлеуші қоғам қарсы шығуда. Көп адам кеңес одағы кезіндегідей өмір сүргісі келеді. Барлығы мүмкін болған кезді қалайды. Олай болмайды Не бәріне бірдей теңдік не теңсіздік. Бәрі кедей, шұжық пен нан үшін кезекте тұрып, “хрущевка” үйлерді алуға деген үмітпен жүреді.
Ешкім билікті кемшіліксіз деп айтпайды. Жемқорлар әрбір қуыста бар. Полиция мен судья, әкім, министр, шенеунікке дейін сондай. Бірақ олар бізге Марстан келген жоқ қой. Олар сіздердің туыстарыңыз, достарыңыз, таныстарыңыз. Олар сіздерді қонаққа шақырғанда қуанып, олармен мақтанасыздар.
“Ызамен күресе алмайсыздар. Онымен күресушілерге қарсы боласыздар. Ақылмен ойланып, манипуляцияны қоса алмайсыздар. Мүмкін емес нәрсені, бәрінің тең болуын талап етесіздер. Әсіресе, жалға пәтер беретіндерден естіген күлкілі. Желіде отырып алып көз жұмған бес балының тағдырына жүрегі ауырғандарын жазады. Жүрегіңіз ауырса, ақшаға ондай пәтерлерді жалға бермеңіздер. Сарайдың бағасымен тең ақы сұрамаңыздар”, – дейді ол.
Жуналист көпбалалы аналарға биліктен пәтер талап етуді тоқтатуды сұрады. Мұның мүмкін емес екенін айтты. Ұрандатқыштарға ермей, өзі үшін өзі жауапты болуға кеңес берді. Көпбалалы болғаны үшін тегін үй алу өзге азаматтардың еңбегіне деген әділетсіздік деген пікір айтты.
“Құрметті аналар, көпбалалы аналар! Ерліктеріңіз үшін ризамыз. Ешнәрсеге қарамастан ел азаматтарын көбейтіп жатырсыздар. Бірақ ол үшін тегін пәтер беру деген әділетсіздік. Мен секілді және өзге де еңбектеніп жүрген азаматтармен салыстырғанда сіздердің несиелеріңіз жабылып, ипотекаларыңыздың кешірілуі дұрыс емес. Сіздердің көпбалалы ана болғандарыңыз, бір не екі баласы бар аналардын артықшылық емес. Олардың да тұратын жері жоқ. Билікке барса, бәрі өзгереді деген популистердің сөзін тыңдамаңыздар. Олардың бәрі барған. Депутатқа да, министрге, әкімге, шенеунікке, банкирлерде болған. Ал, болмағандар өз үлесі алғысы келетіндер.
Бізге үзіліс керек. Әркім өзі үшін өзі жауап береді. Неке жауапкершілік. Балалар, бұл алаң ішіндегі жауапкершілік! Кедейлік жиі жете алмайтын тосқауыл болып табылады. Капитализм – қарабайыр, құл мен басқа да әлеуметтік жүйелердің каннибализмін ауыстыратын табиғи іріктеу”, – дейді Денис.
Айтуынша, миллиондаға отбасы баспанаға зәру. 5 балалы отбасы үшін 60 шаршы метр баспана керек. Оның әр шаршысы 450 доллар. Құрылыс бағдарламасының құны 27 млн доллар. Осылайша билік 15 жылға 10 млн долларға резерв жасайды.
“Шамамен осылай. Сонда Ұлттық қор мен барлық резервті жұмсаудың мүмкіндігі бар ма? Елдің бір бөлігін баспанамен қамтып, банкрот болған керек пе?”, – дейді Денис.