Вандализм жасап аты шыққан шенеунік жаңа қызметінен қайта қуылды

Фотосурет: Ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2620

Ақтөбе облысында жартасқа жазуды ойып жазған шенеунік қайтадан жұмыстан қуылды, деп хабарлайды, madeniportal.kz.

Вандализм жасады деп айыпталған шенеунік Манас Көшербаев жақында ғана Ақтөбе облысындағы мәдени орталыққа басшылық қызметіне келген еді. 

«Манас Көшербаевтың құжаттары барлық талаптарға сай болды. Сондықтан 6 наурызда Манас Көшербаев Байғанин аудандық мәдениет үйінің меңгерушісі болып тағайындалды», – деп Байғанин аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі хабарлаған болатын.

Алайда Манас Көшербаев бұл қызметінен де айырылған.

Ақтөбе облысында жартасқа жазуды ойып жазған шенеунік қайтадан жұмыстан қуылды. Байғанин аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының 2024 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен Манас Көшербаев берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. Бұл туралы мәдениет вице-министрі Қанат Ысқақов айтты.

author

Салтанат Есенқұлова

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...