«Жараспайтын қылық»: Президент қоғамдық тәртіпті бұзатын әйелдер туралы айтты

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1377

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «Заң және тәртіп» қағидасын қоғамда түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным қалыптастыру керегін атап өтті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

«Ашығын айтуымыз керек, қазіргі таңда адамдарда дөрекі сөйлеп, бір-біріне ерегісіп, жаға жыртысатын әдет бар. Осындай келеңсіз оқиғаларды, әсіресе, қоғамдық орындарда, жол бойында жиі көруге болады. 

Өкінішке қарай, солардың ішінде айқай-шу шығаратын, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзатын әйелдер де бар. Бұл – мәдениетті, өркениетті қоғамға жараспайтын қылық, еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделіне зиян келтіретін құбылыс. 

Озық ойлы ұлт болу үшін мұндай жағымсыз әдеттен түбегейлі арылуымыз керек. Ұлы Абай «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп бекер айтпаған.

Мәдениет пен әдеп, тәрбие мен тәлім әрбір азаматтың, әрбір отбасының өзінен басталуы қажет», – деді Президент.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шу аудандық соты студенттің әкесіне қатысты оқу кезеңіне алимент өндіріп алу туралы талап қоюы бойын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойы...