Құлсарыда түйе көшеде кетіп бара жатқан баланы тапап кетті

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
687

Құлсары қаласында баланы таптап кеткен түйеге қатысты оқиға тұрғындардың наразылығын тудырды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Бұл туралы Aikyn.kz сайты жазды.

Құлсарылықтар жануарлардың көшеде қараусыз жүруі балалар мен ересектердің өміріне қауіп төндіретінін айтып шағымдануда.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада түйенің баланы қағып, таптап кеткені көрінеді. Осы сәтте жолдан өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісі дабыл белгісін басып, жануарды үркітіп қуып жібереді.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен бала – аутизм спектрінің бұзылысы бар және сөйлей алмайды.

Қазір ол аудандық орталық аурухананың травматология және ортопедия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Облыстық ауруханаға жіберуге көрсеткіштер болмаған. Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Аудандық қызметтердің мәліметінше, түйенің  иесі әзірге анықталған жоқ. 

ҚАЛАМГЕР

Қазақ халқының мақтанышына айналған батыр қызы – Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова — биыл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде жеті жастағы қыздың өмірін қиған жол апатына нүкте қойылды, деп...