Түркияда қазақстандықты көшеде атып кеткен

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
698

Стамбұлда Қазақстан азаматы атып өлтірілді. Қайғылы оқиға 31 наурыз күні болды, деп хабарладыMadeniPortal.kz.

Түрік БАҚ-тарының мәліметінше, белгісіз адам көшеде ер адамға жақындап, оның басынан атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қаза болған азамат жеке компанияда курьер болып жұмыс істеген.

Түрік полициясы жедел түрде екі күдіктіні анықтап, оларды елден кетпек болған кезде Эдирне қаласында ұстады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі кісі өлтіру фактісін растады: «Түркия Республикасының құзыретті органдары қажетті тергеу шараларын жүргізуде».

Қазақстан Республикасының Стамбұл қаласындағы Бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алакөл көлінің акваториясын профилактикалық патрульдеу барысында Абай облысы ТЖД қызметкерлері демал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Меруерт Түсіпбаева шығармашылық мамандық иелері мен блогерлердің Парламентте болуына қарсы екен...