Құрылтай депутаты атанған Асхат Аймағанбетов халыққа үндеу жасады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
328

Асхат Аймағанбетов Құрылтай депутаты ретінде ресми тіркеуден өткенін хабарлады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында депутат куәлігін алғанын айтып, алдағы жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Аймағанбетов сайлау науқаны кезінде кездескен азаматтардың сұрақтары мен мәселелері назарында екенін жеткізді. Сондай-ақ депутат тек өзіне дауыс бергендердің емес, басқа таңдау жасаған азаматтардың да мәселесі маңызды екенін атап өтті.

«Қолымда - депутат куәлігі. Ал ойымда - науқан кезінде кездескен адамдардың сұрақтары мен мәселелері.

Бүгін Құрылтай депутаты ретінде тіркеуден өттім. Бізге дауыс бергендердің ғана емес, басқа таңдау жасаған азаматтардың да мәселелері бірдей маңызды.

Сайлаудағы таңдау әртүрлі болғанымен, елдің мәселелері ортақ. Жаңа Конституцияның құндылықтары, Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтар, партиямыздың бағдарламасы, халықтың талап-тілектері жұмыстың негізгі бағдары болады.

Баршаңызға рақмет!» – деп жазды Асхат Аймағанбетов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...