Imanbek «Құрмет» орденіне, Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды

Коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
155

«Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды. Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сондай-ақ Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилахановада марапатталды. Ал Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады. Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды», - деп жазды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желідегі парақшасында.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Енді Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Еркін Оқасов басқарады, деп хаб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жалғыз жолаушы» YouTube арнасында Моңғолия өлкесі көрсетілді. Санат Ілияс Самбағаров та...