“Ауылда кемінде 50 адам тұруы керек”. СҚО-дағы 45 ауылды жою туралы шешім қабылданды

Фото: DALL-E

ЖАҢАЛЫҚТАР
536

Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық кеңестің отырысында 45 ауылды жою туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

«Петропавловск News» басылымының мәліметінше,  бұл ауылдар тұрғындар саны бойынша ауыл мәртебесіне сәйкес келмейді. Қоғамдық кеңес облыстық мәслихаттың бұған дейін қабылдаған шешімін қолдады. Қазақстан заңнамасына сәйкес, ауылда кемінде 50 адам тұруы керек. Ал жойылатын 45 ауылдың 38-інде 10-нан аз адам тұрады, ал 7-де мүлде адам жоқ. Бұл ауылдарда жалпы 258 тұрғын тіркелген, олардың үштен бірі  балалар мен зейнеткерлер. 

Сонымен қатар, құрылымдық инфрақұрылымның жоқтығы да атап өтілді. 

«Бұл ауылдарда әлеуметтік инфрақұрылым жоқ, мектептер, медициналық пунктер, жолдар. Су жүйесі де жоқ. 20 ауылда орталықтандырылған су жүйесі жоқ, 14 ауылда децентрализденген жүйе де жоқ, ал 4 ауылда суды тасымалдап ішеді», – деп Солтүстік Қазақстанның экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов.

Басылымда айтылғандай, ауылдар тұрғындарының өздері жоюды қолдаған екен. Олар басқа болашағы мен мүмкіндікке толы ауылдарға көшірілмек. Солтүстік Қазақстанда жалпы инфрақұрылым мен мүмкіндікке толы 307 ауыл бар. Сонымен қатар, көшіп келуші әр отбасы мүшесіне 15 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде өтемақы беріледі. 2024 жылы бұл 55 380 теңге, ал 2025 жылы 58 980 теңге болады. Сондай-ақ, жалға алынатын тұрғын үй беріледі. Дегенмен де, кейбір ауылдардың қайта тірілу мүмкіндігі бар, егер олардың тұрғындарының саны 50 адамнан асып кетсе. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Арқалық қаласының 35 жастағы блогері зорлау және жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікке і...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау қаласының тұрғыны бекіре тұқымдас балық пен уылдырықты заңсыз сақтағаны үшін 3 жыл бас бостан...