Құс фабрикасының жұмысшылары хлордан уланып қалды

Фото: АШМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1786

Ақмола облысындағы «Макинск құс фабрикасында» өндіріс цехтарын жуу кезінде алты қызметкер хлор буынан уланып, медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем қызметі мен құқық қорғау органдарының өкілдеріжеткен. Қазіргі таңда зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізіліп, тексеруден өтуде. 

Полиция мәліметінше, уланудың басты себебі – жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының сақталмауы.

«Макинск құс фабрикасының 24 жастағы жұмысшысы цехты хлормен жуу кезінде респираторлық маскасын өз еркімен шешіп тастаған. Кейін ол улану белгілерімен ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта фабриканың алты қызметкері осындай белгілермен емдеу мекемесіне жеткізілді», – делінген департаменттің хабарламасында. 

Оқиға бойынша ҚР ҚК 156-бабы 1-бөлігі («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

  • Хлор қоспасы қолданылған су арқылы цех жуылған
  • Қызметкерлердің алтауы улану белгілерімен тіркелді
  • Қауіпсіздік техникасы сақталмағаны анықталды
  • Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты қаралып жатқан іс прокурорға қайта жолданды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты блогер Ерб...