Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкарағ...
Құстарды тамақтандырған 86 жастағы зейнеткер пәтерінен қуылды
Inbusiness.kz
Германияда 86 жастағы әйелді тұрғын үй қауымдастығы құстарды тамақтандырғаны үшін сотқа берді. Сот енді қариядан пәтерін тартып алмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Bild порталына сілтеме жасап.
Барбара Фройденберг Дрездендегі пәтеріне 58 жыл бұрын, 1966 жылы көшіп келген. Көп жылдар бойы әйел сол жерде мысығы Лунамен бірге тұрған және жалғыздықтан құстарды тамақтандыра бастаған. Осы себепті жуырда зейнеткерге үйден шығару туралы хабарлама берілді.
"Жалғыз қалу қорқынышты. Сондықтан құстарды тамақтандырдым. Құстар маған көп қуаныш сыйлайды, ешкімге кедергі келтіргім келмеді", – деді Барбара.
Әйел "барлық тұрғындарға қауіп төндірді" деген алғашқы ескерту хатын 2020 жылдың мамыр айында алған. Хатта тұрғын үй ережелеріне сәйкес құстарды тамақтандыруға тыйым салынғаны және бұл әрекет егеуқұйрықтардың көбейуіне себеп болғаны айтылған.
Қазір Барбара құстарды тамақтандырмайды, бірақ әйелден құтылғысы келген тұрғын үй қауымдастығы жақында Дрезден аудандық сотына оны күштеп шығару туралы талап қойды.
Алайда судья әйелді пәтерде қалдырып, үйден шығаруға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдады. Өйткені бұл зейнеткердің денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін еді. Барбара жеңілдеп қалғанын айтады, бірақ құқықтарын қорғау үшін адвокаттарға жинаған қаражатын жұмсауға мәжбүр болған.