Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева бес айдан бері президент іс басқ...
Сарыбастауда бүтіндей бір отбасының барлық мүшесі көз жұмды
Фото: alash.kz коллажы
Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Сарыбастау ауылы маңындағы алыс қыстақтардың бірінде бір отбасының төрт мүшесі көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдайға улы газға, яғни ыстан улану себеп болуы мүмкін. Дегенмен, бұл нұсқа әзірге ресми түрде расталған жоқ. Қаза тапқандардың арасында 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылы дүниеге келген әйел және бір жарым жасар сәби бар.
Туыстары бірнеше күн бойы отбасы мүшелерінен хабар ала алмаған соң қыстаққа өздері барып, үй ішінен олардың мәйітін тапқан. Осыдан кейін оқиға туралы бірден аудандық полицияға хабар берілген.
Ауыл тұрғыны Ерқанат Ақылдосовтың айтуынша, марқұмдар елді мекеннен жырақта, қыстақта мал бағып, оқшау өмір сүрген.
"Бауырымыз сол төменде қорада мал бағатын еді СКЛ "Соңғы рет 30 қаңтар күні ауылға келіп, бензин құйып, машинасына заправка жасап кеткен дейді. 31-і күні туған күні болған. Кешкісін жатар кезде от жағады ғой, сол көмір ұсағырақ болып, пеш тартпай, сол ыстан болған ғой. Кешегі барып келген жігіттер айтып жатты, үйдің ішіне кірген кезде ыстың иісі қатты болған деп", – деді Ерқанат Ақылдосов.
Қазіргі таңда марқұмдардың барлығы сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның нақты себебі тергеу нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болатынын мәлімдеді.