Ақтаудағы ұшақ апатынан көз жұмған 3 маңғыстаулықтың отбасыларына қаржылай көмек берілді

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1647

Ұшақ апатынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың туыстарына барлық қолдау шаралары көрсетілуде, деп хабарлайды madeniportal.kz malim.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болғандар мен зардап шеккен азаматтарды алып кетуге келген туыстарына Маңғыстау облысы тарапынан  қолдау шаралары көрсетілуде.

Дәрігерлер мен төтенше жағдай қызметкерлері, әкімдік өкілдері мен волонтерлар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Туыстарын алып кетуге келген шетел азаматтарын әуежайдан күтіп алып-шығарып салу, қонақ үйге орналастыру және т. б. қолдаулар жасалуда.

Атап айтқанда, өңірлік психологтар мен дәрігерлер облыстық ауруханада қайғырып жүрген жандардың денсаулығын тексеріп, психологиялық көмек беріп жатыр.

Сондай-ақ, ыстық тамақ пен шәймен қамтамасыз етілуде.

— Сонымен қатар, ұшақ апатынан көз жұмған Маңғыстау облысының 3 азаматының отбасына қаржылай көмек беріліп, марқұмдарды жерлеу рәсімдеріне қолдау көрсетілді,  — делінген әкімдік хабарламасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...