Құтқарушылар Алакөл көлінен отбасын эвакуациялады

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
386

Алакөл көлінің акваториясын профилактикалық патрульдеу барысында Абай облысы ТЖД қызметкерлері демалушыларға көмек көрсетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Қызмет атқару кезінде құтқарушылар көлдегі аралдардың бірінде қалып қойған отбасын анықтады. Белгілі болғандай, жалға алынған шағын көлемді кеменің техникалық ақауына байланысты демалушылар жағалауға өздігінен орала алмай, көмекке мұқтаж болған.

ТЖМ қызметкерлері жүзу құралын пайдалана отырып, төрт адамды, оның ішінде бір баланы жағаға эвакуациялады. Эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...