Инвестициялық жобалардың Жалпыұлттық пулы қаралды

Жаңалықтар
525

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Сауда және интеграция ми­нистрлігі сауда сала­сын­дағы инвестицияларды ынта­ландыруға бағытталған шара­лар туралы есеп берді. Оң нәти­желер көрсететін сауда нарық­тарын жаңғыртуға ерекше назар аударылып, 2023 жылдың іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың Жалпыұлттық пулы бойынша жұмыс барысы талқыланды. Өткен жылы пул аясында 1,78 трлн теңгеге 298 жоба пайдалануға беріліп, 26,2 мың жұмыс орны құрылды. Инвестициялық пул санын ұлғайтуға және мемлекеттік орган­дардың іске асыру мерзім­дерін өзгертпей жұмыс істеу қажет­тігіне ерекше назар аударылды.

Бұдан басқа Өнеркәсіп және құ­рылыс министрлігінің Ин­дуст­­рия­ландыру картасына жоба­ларды енгізу рәсімдерін жеңіл­дету бойынша тәсілдері мақұл­данды, денсаулық сақтау, энер­гетика және жер қойнауын пай­да­лану сала­сындағы жекеле­ген инвес­ти­ция­лық жобалар мәселе­лерін шешу бойынШа тапсырмалар берілді.

Өңірлік деңгейде Алматы және Атырау облыстары әкімдіктерінің ин­вес­тициялар тарту жөніндегі жұ­мысы қаралды. Өңірлерге жаңа ин­вестициялар тарту және жос­пар­­ланған жобаларды әрі қарай ор­­нықтыру үшін салаларды әрта­рап­тандыруды арттыру қажеттігі атап өтілді.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...