Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің түрлері мен бүгінгі таңдағы өзектілігі туралы айтқан едік. Енді о...
Құтты болсын! «Абай» телеарнасы ашылды!
Мәдени-ағарту бағытындағы «Абай» телеарнасының тұсауы кесілді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"
«Әлемде қалыптасқан күрделі ахуалға қарамастан 2020 жыл еліміздегі ерекше маңызды оқиғалармен есте қалатындығы анық. Соның бірі - Абайдың 175 жылдығы. Биыл ұлы ақынның мұрасын дәріптеуге арналған ауқымды жұмыстар басталды. Іс-шаралар әлі де жалғасып жатыр. Бұл - барымызды бағалайтын, болашағымызды бағдарлайтын нақты қадам болып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген қоғамдық сананы қайта түлету ісінің мән-маңызы осында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан« атты мақаласында «ақынның мұрасы бүкіл адамзат баласының рухани азығы« деп лайықты баға берді», - деді телеарнаның ашылу салтанатына қатысқан ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев.
Оның атап өтуінше, бүгін тұсауы кесілетін жаңа телеарна мәдени-ағартушылық салаға үлес қосып, ұлт қазынасын толтыруды көздейді.
«Жаңа арнаның «Абай» деп аталуы тегін емес. Біріншіден, мәдени-ағарту бағытындағы жалғыз телеарнаға ұлт руханиятының темірқазығы Абайдың атын беру өте орынды. Өйткені, ұлы ақынның өнегелі жолы әлі талай ғасырға жалғас ады. Екіншіден, жаңа телеарна төл мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттауды мақсат етеді. Бұл турасында ұлы ойшылдың «Пайда ойлама ар ойла, талап қыл артық білуге», «Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан» деген өсиеттерін есте ұстауымыз керек... Ұлы ақын тағы бір сөзінде адам баласын заман өсіреді дейді. Біздің жаңа телеарнамыздың жұмысы да осы қазіргі дәуірдің талабына бейімделеді», - деді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, телеарнаның ашылу шарасына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері, Парламент депутаттары қатысты.