Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі 29 баланы қағып кетті

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2895

Қырғызстанның Жалал-Абад облысының Созақ ауданында 2 мамыр күні сағат 13:30 шамасында балмұздақ тиеген шағын жүк көлігі 29 баланы қағып кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz  kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балалардың 9 бен 16 жас аралығында екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта 7 бала облыстық ауруханада жатыр, үшеуінің жағдайы ауыр.

Созақ аудандық ауруханасында 3 бала болса, орталық ауруханада 8 бала жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Оқиға орнында 11 балаға медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесін жеке бақылауына алып, оларға сапалы медициналық көмек көрсетуді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тапсырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...