Енді оқушыларға үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2274

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында (ПМЭФ) жасанды интеллектке арналған сессияда үй тапсырмасының қазіргі заманғы мәні сынға алынды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ El.kz интернет порталына сілтеме жасап. 

Сарапшылар мен саясаткерлердің пікірінше, оқушылардың көпшілігі үй тапсырмасын чат-боттардың көмегімен орындап, білім емес, уақытты ғана жоғалтуда. 

РФ Мемлекеттік Думасының төраға орынбасары, «Жаңа адамдар» партиясының өкілі Владислав Даванков қазіргі форматтағы үй тапсырманың мәнсіз екенін ашық айтты.

Бұл — абсолютті мағынасыздық. Ұлымның DeepSeek арқылы орындаған тапсырмаларын ChatGPT арқылы тексеремін. Бүгінде үй тапсырмасын жоюдың уақыты келді. Оның орнына балаларды шынымен дамытатын шығармашылық тапсырмалар енгізу керек, — деді Даванков. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...