Қырғызстандық блогер екінші рет қазақ қызына үйленгелі жатыр (ВИДЕО)

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2378

Қырғызстандық блогер Арген Асанов сүйіктісі, қазақ блогері Диконы Жала-Абадқа ертіп барды. Онда Асановтың анасы қызды ақ жаулықпен қарсы алды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Блогер әлеуметтік парақшасына жүктеген видеосына тек «Ауылға келдік» деген жазба қалдырған. Қазіргі уақытта оның қазақ қызымен үйленгені жөнінде нақты ақпарат жоқ. Осы арада желідегі жанкүйерлері жылы лебіздерін білдіріп, екеуіне бақыт тілеп жатыр.

Бұған дейін Арген қазақ блогерін «сүйіктім» деп жариялап, көрімдігіне жорамал айтқан болатын.

Айта кетейік, Арген Асанов қазақ қызы Аружанмен 2023 жылдың шілде айында шаңырақ көтерген еді. Араға бір жыл салып, екеуі екі жаққа кеткендерін жариялады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...