Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1640

Қазақстанның тұңғыш президентінің отбасы шеңберіне жақын дереккөздің мәліметінше, бұрынғы мемлекет басшысының зайыбы Сара Алпысқызының жағдайы ауыр, ал дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға дәрменсіз, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы уақытта ол Назарбаева деген тегін тастап, қыз кезіндегі тегі – Қонақаеваны қолдана бастаған.

Сара Алпысқызы өмір бойы «нағыз бірінші ханым» атанған жоқ – Нұрсұлтан Назарбаев өмірлік серігінің бейнесін ел алдында көрсетуге ұмтылмады. Мәселен, 2015 жылы ол Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветамен кездесуге жұбайын емес, сол кездегі премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған үлкен қызы Дариғаны ертіп барған еді.

Сара Алпысқызының неге көлеңкеде қалғаны кейін белгілі болды – Назарбаев бұл туралы өзінің кітабында жазған. Оның сөзінше, жүрекке әмір жүрмейді – ол басқа адамды қалаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

LRT іске қосылғаннан жолаушылар саны 180 мыңға жетті. Кеше 100 мың жолаушы болды. Бұл туралы CT...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда терезеден құлаған екі бала аман қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Қараусыз қалған...