Шатырсыз қалды: Қонаев қаласында төтенше жағдай жарияланды

Фото: Қонаев әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
284

Қонаев әкімдігінің мәліметінше, 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні қатты жел тұруына байланысты кейбір тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырларына нұқсан келіп, жарық бағаналары істен шыққан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Осы жағдайларға байланысты қала басшылығы жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялауға шешім шығарды.

Төтенше жағдайды енгізу Ашық НҚА порталына қоғамдық талқылауға 15 желтоқсан күні жіберілді. Ол 16 желтоқсанға дейін талқылауда болды. 17 желтоқсаннан бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай ресми түрде жарияланды.

Төтенше жағдай резервінен бөлінген қаражат есебінен зақымданған нысандарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. 11 желтоқсаннан бастап қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда Қонаев қаласындағы жағдай тұрақты: электр энергиясы, ауыз су және жылумен қамту жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деп хабарлады әкімдіктен. 

ӘДЕБИЕТ

Ілияс Есенберлин! Осы бір ұлы есім тілге оралғанда, кезінде жұмыр жерді тұлпарларының тұяғымен дүбір...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екібастұзда тұрмыстық жанжал кезінде ер адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Тағы...