Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне көмектесуге дайын екенін жеткізді

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1062

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктеріне қажет жағдайда қал-қадерінше көмектесуге дайын, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Тоқаев БАӘ президентімен телефон арқылы сөйлесу барысында айтты.

Қазақстан президенті қарулы қақтығыс барысында БАӘ-нің азаматтық инфрақұрылымына зақым келгеніне қынжылатынын айтты.

"Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін достас әрі бауырлас ел ретінде қарастырады, қажет жағдайда қал-қадерінше көмектесуге дайын", - деді президент.

Мемлекет басшысы БАӘ азаматтық нысандарына, сондай-ақ Шығанақтағы басқа да елдерге жасалған шабуыл қатаң айыпталуы керек деп санайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...