Қазақстан жауапкершілігі бар орта державалардың үні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде барынша анық естілуі қ...
Теміртауда жастар қарияны жантүршігерлік жағдайда соққыға жыққан
Фото: freepik
2361
Теміртау қаласында кәмелетке толмағандар жалғыз басты қарттың үйіне кіріп, оны соққыға жыққан, деп хабарлайды MADENIPORTAL. KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Бір топ жасөспірім өздерін электрик ретінде таныстырып, қарт кісінің үйіне баса-көктеп кіріп, ұрып соқты. Онымен қоймай, оқиғаны бейнебаянға түсірген.
Бейнебаянда жігіттер ер адамның бетіне түкіріп, басынан тепкен.
Қарағанды облысының Полиция департаменті хабарлағандай, барлық кәмелетке толмағандар анықталып, заңды өкілдерімен бірге Теміртау қаласы Полиция басқармасының шығыс бөлімшесіне жеткізілді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.