Қызылорда облысында 10-сынып оқитын қызды өлтірген ер адам сотталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
533

Қызылорда облысында 16 жастағы қызды буындырып өлтірген ер адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында 16 жастағы қызды өлтірген 22 жастағы ер адамға сот үкімі шықты.

Қайғылы оқиға биыл маусым айында болған. 10-сыныпты тәмамдаған жасөспірім қыздың мәйіті су арнасынан табылған. Оны тәулік бойы іздеген тұрғындар ағынды судан жалаңаш күйінде көріп, полицияға хабарлаған.

Осыдан кейін жедел тергеу басталып, күдікке 22 жастағы жігіт ілінген. Сот барысында олардың әлеуметтік желі арқылы танысқаны анықталған.

Тергеу мәліметінше, кездесуге келген ер адам қызды буындырып өлтірген. Сот оны кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Есіл ауданында интернет арқылы букмекерлік кеңселерге бәс тіккен екі мемлекеттік қы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағ...