«Жыртыс таратуға да рұқсат жоқ»: марқұмның үйінде ас беруге тыйым салынды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1389

Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасы елде қайтыс болған адамның үйінде 3 күнге дейін мал сойып, ас беруге тыйым салды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Муфтият марқұмды жерлеу және оған құран бағыштау рәсімдеріне қатысты жаңа пәтуа шығарды. Енді қайтыс болған адамның үйінде алғашқы үш күнде мал союға және ас беруге қатаң тыйым салынды.

Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасының мәліметінше, бұл шешім үкімет қаулысына сәйкес ысырапшылықтың алдын алу мақсатында қабылданған. Сонымен қатар бейсенбіліктерде, жетісі, жиырма күндігі, қырқы, елу екі күндігі және жылы берілген аста да мал союға рұқсат жоқ.

«Бұл пәтуаның мақсаты – қаралы отбасына ауыртпалық салмау және қазаның қамын емес, дұғасын жасауға көңіл бөлу», – деп хабарлады Қырғызстан діни басқармасы.

Жаңа пәтуаға сәйкес, енді марқұмға бағышталып оқылатын құран күндерінде жыртыс таратуға да тыйым салынды. Киім-кешек, орамал немесе басқа да киіт үлестіру ысырапшылдық саналады екен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...