«10 адам қаза тапты»: 35 жастағы ер адам мектепке шабуыл жасаған

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
4066

Швециядағы білім ордаларының бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлады madeniportal.kz.

"Қанды оқиға 10-ға жуық адамның өмірін қиды. Қазіргі уақытта біз сәйкестендіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені әлі де зардап шеккендердің жалпы саны белгісіз", - делінген жергілікті полиция таратқан хабарламада.

Баспасөз мәслихатында полиция қызметкерлері оқ атқан адамның өлтірілгенін айтты. Ол жалғыз әрекет еткен. Бірақ оның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқ жарақаты бар бес адамды тапқанын, бірақ жараланғандардың жасын атамағанын айтты.

Бірқатар швед бұқаралық ақпарат құралдарында қаскөйдің белгісіз 35 жастағы ер адам екендігі туралы хабарламалар пайда болды. Оның атыс қаруын иеленуге рұқсаты болған көрінеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Меркіде қайтыс болған Мадинаның өліміне қатысты жаңа деректер айтылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астананың Көктал ауданында маршруттық автобус жол-көлік оқиғасына ұшырап, көше жарығының бағанасын қ...