Қызылорда облысында төбелестен 9-сынып оқушысы көз жұмды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2194

Қызылорда облысында жасөспірімдердің төбелесі адам өліміне себеп болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

17 жастағы жасөспірім тоғызыншы сынып оқушысын соққыға жығып, салдарынан оқушы көз жұмған.  

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кәмелетке толмаған баланың қаза тапқаны туралы ақпаратты растады. Оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, полиция барлық материалдарды зерттеп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысқа қатысы бар басқа екі адамға қатысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, оларға қатысты сот үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, - делінген ведомство мәліметінде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын&raq...

Медицина

Әлеуметтік желіде дәрігерлердің баланың сынған аяғының орнына сау аяғына гипс салғаны туралы видео қ...