Референдумда қабылданған жағдайда жаңа Конституция қашан күшіне енеді

Фото: zakon.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
383

Жалпыхалықтық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасы қабылданған жағдайда Ата заңның нақты қашан күшіне енетіні анық жазылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бүгін жарияланған жаңа Конституция жобасының «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын соңғы бөлімінің 94-бабы 1-тармағына сәйкес, республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады.

Ал 2-тармақта республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланатыны нақты көрсетілген.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды. Демек, өткізілетін референдум барысында жаңа Конституция қабылданған жағдайда 15 наурыз — Конституция күні болып бекітіледі. Ал ел азаматтары мемлекеттік мерекені келесі жылдан бастап атап өтеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі американдық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Қазақстанда концерт беретін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде Шымкенттегі үйлену тойының кортежіне қатысқан көліктердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұ...