Такси жүргізушісінен сүюді талап еткен жолаушы 10 тәулікке қамауға алынды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
969

Астанада таксиге мінген ер адам межелі жеріне жеткеннен кейін жанжал шығарып, көліктен түсуден бас тартқан. Сонымен қатар жүргізушіден сүюін талап етіп, онымен бірге көңіл көтеретін орынға баруды ұсынған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әйел оның ұсынысынан бас тартқаннан кейін, жағдайдың қорқыту мен балағат сөздерге ұласқанын айтқан. Істі қарау барысында жолаушы жанжалды көліктің ішінде де жалғастырғаны анықталды. Сондай-ақ ол болған жағдайды түсіріп тұрған бейнетіркегішті жұлып алуға әрекет жасаған. Ер адам оқиға жазбасы жарияланған жағдайда жүргізушіге күш көрсетемін деп қорқытқан.

Такси жүргізушісі көмекке жүгінгеннен кейін, оқиғаға құқықтық баға берілді. Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол өз кінәсін мойындаған.

Сот қаулысына сәйкес, құқық бұзушыға 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тараз қаласында патрульдік полицияның екі қызметкері көлге құлап, өздігінен жағаға шыға алмаған 16...

СПОРТ

Қазақстандық пара пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия П...