Қызылорда-Павлодар тасжолында әйел 5 баласымен бірге жол апатына түсті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
535

Павлодар облысында жеңіл көлік жылқыға соғылып, салдарынан бір әйел мен бес балаға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға Қызылорда-Павлодар тасжолында, Айнакөл ауылы маңында болған. Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жол апаты 13 мамыр күні сағат 21:55 шамасында тіркелген.

Алдын ала дерек бойынша, жеңіл автокөлік жолға шыққан жылқыға соғылған. Оқиға орнына Павлодар облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының жедел әрекет ету бригадасы шұғыл жетті.

Дәрігерлер көлікте болған алты адамды қарап шыққан. Олардың арасында бір әйел және 2 мен 12 жас аралығындағы бес бала болған. Барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Кейін балалар анасымен бірге қосымша тексерілу және ем алу үшін балалар ауруханасына жеткізілді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының құтқару қызметі жаңа экологиялық таза көлікпен толықты. Электрокарлар мамандардың қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Mad...