Әлеуметтік желіде блогер қазақтарды «нағыз құлдар» деп атады (ВИДЕО)

Дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1613

Әлеуметтік желілерде @ulafortuna есімді блогердің видеосы қызу талқылануда. Instagram Reels форматында жарияланған бейнежазбада ол: «Қазақтар – нағыз құлдар» деген даулы пікір айтады. Видео еңбек құқықтарының маңыздылығына арналса да, ондағы бұл тіркес қоғамның наразылығын тудырды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Роликтің негізгі мақсаты – еңбек қатынастарындағы мәселелерге назар аударту болса керек. Алайда қолданылған сөз тіркесі көпшілік тарапынан қазақ халқының ар-намысына тию деп бағаланды. Желі қолданушыларының біразы бұл жазбаны жоюды талап етіп, блогерді ұлтаралық араздық қоздыруға тырысты деп айыптауда.

Қазіргі уақытта видеоны не блогердің өзі, не Instagram әкімшілігі ресми түрде түсіндірген жоқ. Алайда желі қолданушылары видеоны жаппай шағымданып, шара қолдануды сұрап жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...