Алматыда жылыту маусымы қашан басталады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1397

Алматыда 8 қазаннан бастап жылыту маусымы басталады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

"Алматыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданды. 8 қазаннан бастап Алматыда орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылу басталады", – делінген Алматы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарламасында.

Алматы қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы мәліметінше, ең алдымен жылу әлеуметтік нысандарға – балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі.

"Тұрғын үйлерге жылу беру 10 қазаннан бастап жоспарланған. Үйлерге жылу берілгеннен кейін ПИК және ОСИ мамандары ішкі жүйелерді реттейді және пәтерлердің біркелкі жылуын қамтамасыз етеді", – деді басқарма өкілдері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...