«ТҮРКІСТАН – ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ ҒОЙ!» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУДЫҢ ШАРТ...
«Тырнағы бар саусақ шыққан»: Әйел адам шаурма сатып аламын деп психологиялық соққы алған
ашық дереккөзден алынған
Манхэттенде тұратын Мэри Элизабет Смит жергілікті асханалардың бірінен алған шаурмасының ішінен адам саусағының бөлшегін тауып, қатты күйзеліске түскенін айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Әйелдің сөзінше, ол бұл жерден жиі тамақтанып жүрген, аптасына бірнеше рет барған кездері де болған. Сол күні алған орамын жей бастағанда, күтпеген жерден «қатты әрі бөтен» затқа тап болады. Ауызынан шығарып қарағанда, тырнағы бар адамның саусағының ұшы екенін көрген.
«Бұл жағдай оны қатты шошытты. Бірден бәрін шығарып тастап, біраз уақыт есін жия алмай жүрді», – деді оның қорғаушысы Роберт Менна.
Адвокаттың мәлімдеуінше, табылған зат сараптамаға жолданып, зертхана шынымен әйелдің саусағына тиесілі екенін анықтаған. Осы оқиғадан соң Смитке ВИЧ пен гепатит жұқтыру қаупін азайту мақсатында арнайы вирусқа қарсы ем қабылдауға тура келген.
Дегенмен, мейрамхана иесі Тедди Карагианнис бұл айыптаулардың барлығын жоққа шығарып отыр.